АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Қарбызға Баян Мақсатқызының (Есентаева) жарыққа шыққан кітабының атауы ойып жазылған – "Обо мне и не только". Мұндай айрықша сыйлықты продюсерге табынушыларының бірі сыйлады, деп хабарлайды "Отырар" жергілікті басылымы.
© Photo : ОтырарБаянның кітабының атауы ойып жазылған қарбыз

Баянның кітабының атауы ойып жазылған қарбыз
© Photo : Отырар
Баян Мақсатқызы Шымкентте кітабының жарыққа шығуына орай презентация және автограф-сессия өткізген болатын.
"Бұл мен үшін адам сенгісіз дүние! Кәдімгідей көңіліме келеді! Бізде, Оралда бала күнімізде алма жесек – бұтағы ғана қалатын, жылына бір рет Жаңа жылда ғана аузымызға тиетін. Қарбызды да жылына бір рет жейтінбіз. Қауынды алғаш рет бес жасымда көрдім – анам алып келді. Сол себепті сіздерге шағым айту да ұят", — деді кітап авторы оңтүстікқазақстандықтарға.