Қоғам

ҰҚК-нің бұрынғы басшысының соты Астанада өтіп жатыр

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың соты жабық түрде өтуде

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың соты Ақмола гарнизоны әскери сотында өтіп жатыр, деп хабарлады әскери сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Процес басталды, іс жабық түрде қаралып жатыр", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат беруші телефон арқылы.  

Сот істерін қарау кестесіне сәйкес, бірінші отырыс 13 шілдеде болған, 17 шілде күні – екінші отырыс. 

Сотталушылары – төрт адам: Нартай Дүтбаев, Ерлан Нұртаев, Нұрлан Хасен және Раис Мұратов, олардың лауазымы аталған жоқ. 

Дүтбаев былтыр жыл соңында 185-бап 3-бөлікте және 362-бап 3-бөлікте қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған еді. 

Нартай Дүтбаев — ҰҚК-нің бұрынғы басшысы, ол қызметті 2001-2006 жыл аралығында атқарған.

Жаңалықтар
0