АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстаннан 10 975 адам қоныс аударған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде белгілі болғандай, 2017 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3%-ға көбейіп, 7 204 адам болды.
Ал осы уақытта елімізден 10 975 адам көшіп кеткен. Осылайша, биылғы жылдың бес айында көші-қон айырымы 3 771 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып отыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,9%-ды, ТМД мемлекеттеріне кеткендердің үлесі 87,7%-ды құрады.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне олардың жалпы ішкі көшінің 34%-ы тиесілі.