Ұйымдастырушылардың қояр шарты мынау – сөреге аппақ киіммен келіп, мәреге дейін алуан түрлі қанық түстерге боялу. Жүздеген елордалық Орталық саябағындағы Fitness Park Astana сахнасынан жарысты бастап кетті.
Әрі қарай саябақ ішінде ұйымдастырушы еріктілер жарысқа қатысушыларға түрлі түсті бояу шашты. Осы бір ерекше оқиғаның қалай өткенін фотолентамыздан тамашалаңыздар.

1/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Түрлі түсті марафондар Қазақстан қалаларында осымен бесінші жыл өткізіліп жатыр. Бұл жарысқа Австралия, Бразилия, Германия, Португалия, АҚШ және Чили елдерінің тұрғындары да қатысады.

2/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Жексенбі күні таңды ерекше етіп өткізіп, алуан түрлі түстерге боялуға жүздеген елордалық келді. Жарыс басталмас бұрын олар зумба биін билеп, денелерін қыздырып алды.

3/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Кросстың бірінші шақырымында көк түсті ұнтақ бояу шашылды. Қатысушылар шуласып, шұрқырасып, марафонды әрі қарай жалғастырды.

4/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ағаштар арасын бір сәтке көк, қызғылт, сары, жасыл тұман басып, таңғажайып ертегідегідей әсер қалдырды.

5/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Аппақ киімдерін аямаған марафонға қатысушылар жас балаша мәз болып, алуан түрлі түстерге "шомылды".

6/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Тіпті үй жануарлары да осы мерекені өткізуге ат салысты.

7/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Алуан түрлі түстерге толы күн ересектердің ғана емес, балалардың да жадында қалары сөзсіз.

8/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Кроссқа қатысушыларға кеңес біреу – марафон кезеңдерін жүгіріп өткенде, ауызды жауып үлгеру керек, әйтпесе бояуға шашалып қалуыңыз да ғажап емес.

9/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарысты өткізуге 15000 тоннадан астам ұнтақ бояу кетеді екен.

10/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Жарысты өткізуден түскен пайда қайырымдылық мақсатында жұмсалады.

11/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Түрлі түсті марафонда ешкім де жеңілмейді.

12/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қашықтықты асықпай жүріп өтсеңіз де, жеңімпаз атанасыз.
