Экономика

Банктен несие алған кезде шартты қалай оқыған дұрыс?

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуБанк
Банк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінен бөлек, банк құжатында қандай мәлімет көрсетілуі тиіс?

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik.ҚР Ұлттық банкі банктен несие алу кезінде шарт жасаудың қыр-сыры туралы мультпликациялық ролик түсірді.

Видеода шартты оқыған кезде неге аса мән беру қажеттігі туралы толығырақ айтылады.

"Шарт – өте маңызды құжат, сондықтан оған жауапты түрде қарау керек. Әсіресе банктен несие алған кезде. Әдетте банктер клиенттер толық таныссын деп ресми сайттарында несие алу шарттарын жариялайды", — деп атап өтті Ұлттық банк.

Шартта міндетті түрде номиналды сыйақы мөлшерлемесі және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болуы тиіс. Банк клиенттерге несиеге қатысты барлық тариф мен комиссия туралы ақпарат беруге міндетті.    

Сонымен бірге, Ұлттық банк атап өткендей, шартқа қол қою – заңды салдары бар міндеттеме. 

"Шарт жасасуға жауапты түрде қараңыз", — дейді мамандар. 


Жаңалықтар
0