АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Қазақстанда жасалған "Қазақ хандығы" үстел ойынының шығуы туралы оның авторы Қобыланды Жанабекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бір дегенде ойынға төрт қарсылас қатыса алады. Негізге "хан-сайлау" процесі алынған: ойыншылар сұлтандардың рөлінде болып, хан атануға таласады. Ол үшін қазақ руларының қолдауын сұрауға жасауылдарды жібереді. Туының астына ең көп ру жинаған сұлтан жеңімпаз болып, хан сайланады.
" Ойыншылар ойынның кез келген мезгілінде келіссөз жүргізуге, уәде беруге одақ құруға, мысалы, қарсыласына жеңісті беріп қоймас үшін, құқығы бар. Сонымен қатар, осы келісімдер ештеңеге міндеттемейді және кез келген себептермен үзілуі мүмкін", — деп түсіндіреді автор.
Ойын жинағына екі тілде жазылған ойын шарты, ойын алаңы, қатысушылардың төрт туы, 30 іс-әрекет картасы, 20 қаһарман картасы, 80 киіз үй жетоны, 80 билік жетоны кіреді. Бағасы – 19990 теңге. Ойын толығымен Қазақстанда жасалып шығарылған.
Ойынды еріктілер сәтті түрде сынақтан өткізіп, кәсіби геймер өз пікірін білдірген.