АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Сәтпаев қаласы шағын аудандарының бірінде жергілікті тұрғындар қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесін тапты.
Әйел адам қоқыс төгуге шыққанда, жәшіктің ішінен нәрестені тауып алған. Әйел көршілермен бірге жедел жәрдем келгенше шақалақты тірілтіп алуға тырысады, алайда сәби шетінеп кеткен еді.
Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті хабарлағандай, сәбидің анасы іздестіріліп жатыр. Және шетінеу себептері де анықталуда.