Өңірлер

Ақмола облысында жоғалып кеткен күзет фирмасы басшысының денесі өзеннен табылды

© Sputnik / Павел Петров судағы көлік
судағы көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам үш ай бұрын Ақмола облысында достарымен балық аулап жүріп жоғалып кеткен еді

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Елодарлық күзет фирмасының жоғалып кеткен басшысының денесі Ақмола облысындағы өзенде көлік ішінен табылды,деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі басшысы Гүлнар Пинчук Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі халықтан көмек сұрады

Жоғалып кеткен Берік Құсайыновқа тиесілі Toyota 4Runner автокөлігі 16 шілде күні таңертең Қорғалжын ауданы Алғабас елді мекеніне жақын орналасқан Нұра өзенінде табылды.

"Көлікте жоғалып кеткен Құсайыновтың денесі болды. Көлік судан шығарылды, сараптама тағайындалған, содан кейін процестік келісім жасалады",- деп мәлімет берді Пинчук.

Астана тұрғыны Құсайынов 22 сәуірде достарымен бірге Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылына балық аулауға барып, жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол балық аулап жүріп, көлігіне мінеді де, белгісіз жаққа кетіп қалады.

Құсайынов "SSS Group" ЖШС фирмасын басқарған, бұл мекеме ЭКСПО-2017 нысандарын күзетумен айналысқан еді.

Жаңалықтар
0