АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Жексенбі 16 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады; республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Сонымен бірге Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде – кей жерлерде тұман.
Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысында желдің екпіні 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Алматы, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аптап ыстық болмақ.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.