Оқиға

Арнайы комиссия Шымкенттегі мұнай зауытындағы өрттің алғашқы тұжырымын жариялады

© Photo : КЧС МВД РК"Шымкент мұнайөнімдері" АҚ мұнайбазасы
Шымкент мұнайөнімдері АҚ мұнайбазасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкенттегі мұнай зауытындағы ірі өрттің себебі әлі күнге дейін анықталған жоқ

АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Шымкенттегі мұнай базасында болған өрттегі жұмысшының  қазасын тексерген комиссия кәсіпорында еңбек қауіпсіздігінің сақталмағаны туралы тұжырымға келді, делінген "Астана" телеарнасының сайтында. 

"Жұмыс орнында бақилық болған азаматқа басшылық тарапынан тапсырма берілген көрінеді. Соған сәйкес ол іске кіріскен. Тек әдеттегідей таңғы 7.30-да емес, одан жиырма минут бұрын келіп, қызметтік киімді киместен, бірден жанармай құйылған орынға барған. Осы қорытындыға келген комиссия жауаптыларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс берді", — делінген хабарламада.

Құжаттар құқық қорғау органдарына да жолданған. Асқар Сеитқазин, ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы: Жұмысшы келіп, басшыларына айтпай, қашан келгенін, киімін ауыстырмай, сөйтіп жұмысты бастаған. Ол өзінің жұмысын біледі, дұрыс. Ал бірақ сол қадағалау жауапты адамдардан тәртіпті заңды ретінде болмаған.  

Еске салайық, өткен айда "Шымкент мұнай өнімдері" зауытында орын алған өрттен оператор болып жұмыс істеген 46 жастағы азамат көз жұмды. Өрт сөндірушілер жалынмен бір тәулікке жуық арпалысты. От тұтанған жерде 3 мың тонналық 9 резервуардың төртеуі бензинге толы болған. Төтенше жағдайдың нақты себебі анықталып жатыр.   


Жаңалықтар
0