АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Бейнероликтің кейіпкеріне айналған жүргізушіге автокөліктің төбесінде адам тасымалдағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды өңірлік "Ақтау-Лада" басылымы.
Көзбен көрушілер төбесіне екі адам отырғызып алып көшеде жүріп бара жатқан "Волганы" түсіріп алған. Бұл ретте көліктің салонынан алдыңғы орында отырған екі адамды ғана көруге болады. Яғни көлікте орындар бар болғаны ықтимал.
Ер адам 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде немесе 11 мың 345 теңге төлейді.