АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғыны көршісінің итін айырмен түйреп өлтірген. Бұл туралы жәбірленуші отбасының танысы Наталья Алеева Facebook парақшасына жазды.
Оның айтуынша, ер адам ұзақ уақыт бойы көршілерге маза бермеген, мүлкін бұзып, қоқан-лоққы жасап, ауласына қоқыс төгеді екен. Сол күні де аулаға дуалдан асырып қоқыс лақтырмақ болыпты.
"Онымен қоймай, дуалды тарсылдатып соға бастаған, дыбысқа ит жүгіріп келіп, үре бастайды. Шуды естіп бүкіл отбасы сыртқа шығады. Ит өзі қазған шұңқырға басын сұққанда, дуалдың ар жағындағы ер адам айырмен бір ұрған. Рада атты ит арада үш минут өтпей, ерлі-зайыптылар мен олардың кішкентай ұлдарының қолында көз жұмды", — деп жазады ол, қаза болған иттің суретін жүктеп.
Аталған дерек бойынша, полицейлер тергеу жүргізуді бастады. ҚР ҚК 316-бабы (Жан-жануарларға қиянат жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.