АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Түркияның Мұрадия қаласында бір қора қой өз-өзін өлімге қиды, деп жазады islam.kz
CNN Türk ақпарат көзінің хабарына қарағанда, алдымен бір қой жартастан секіріп кеткен. Оның артынан қалғаны ерген. Осылай 79 қой артынан секірген екен.
Еркан Өзер есімді шопан өздерін өлімге итермелеген қойларын құтқарып қала алмаған. Осыған байланысты шопан едәуір шығынға батып, жергілікті биліктен қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болған.
Айта кетейік, мұндай жағдай бұрын да болған. Дәлірегі, 2005 жылы аталған елде жартастан 1,5 бас қой, яғни, бір отар қой секірген еді. Олардың 450 басы өлген болатын. Артынан секіргендері өлген қойлардың үстіне құлап, аман қалған болатын.