АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Атыраудағы Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйі жабылады, деп хабарлайды "Ақжайық" жергілікті басылымы.
Басылым хабарлағандай, жетімдер үйінен биыл он бозбала мен бойжеткен түлеп ұшыпты, екі баланы патронат отбасы бауырына басса, тоғызын мейірбан жандар қамқорлығына алған, ал алтауы туған анасымен қайта қауышты, ал қалған сегізі "Шаңырақ" атты отбасылық балалар ауылына ауыстырылды.
Бұдан былай Атырауда балалар үйін ұстаудың еш қажеті жоқ, деп санайды балалар үйінің директоры Сәния Мусина, өйткені елімізде бала асырап алғысы келетін жандар жыл санап көбейіп келеді.
Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйі 1 тамыздан бастап жабылады.