Өңірлер

Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды

© Photo : предоставлено Мангистауским областным историко-краеведческим музеемМаңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Су жәндігі осыдан 80-100 миллион жыл бұрын Маңғыстау аумағын мекендеген болса керек

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ежелгі су жәндігі, болжам бойынша плезиозаврдың сүйегі Маңғыстау түбінде құм арасынан табылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі табиғат бөлімінің маманы Людмила Быкова Sputnik Қазақстанға

Мәншүк Мәметова ескерткішін бөлшектеу кезінде отыз жыл бұрын жазылған хат табылды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда Мәншүк Мәметова ескерткіші түбінен бөтелкеге салынған хат табылды

Жәндікті тапқан жұмысшылар ірі көлемді сүйектерді жергілікті музейге алып келген, ғалымдардың айтуынша, олар ежелгі су жәндігі – плезиозаврға тиесілі болуы мүмкін. Ол осыдан 80-100 миллион жыл бұрын Тетис мұхитын мекендеген. 

Сүйектің суреттері Санкт-Петербург қаласына жіберілген, мәскеулік ғалымдар да бұған қызығушылықтарын білдіріпті. 

Музей маманының айтуынша, Мәскеуден РҒА геология институтының фанерозой стратиграфиясы зертханасының ғылыми қызметкері Николай Зверьков келген, ол сүйектердің көне дәуірде өмір сүрген жәндікке тиесілі екенін растады. 

© Photo : предоставлено Мангистауским областным историко-краеведческим музеемМаңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды - Sputnik Қазақстан
1/2
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды
© Photo : предоставлено Мангистауским областным историко-краеведческим музеемМаңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды - Sputnik Қазақстан
2/2
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды
1/2
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды
2/2
Маңғыстау түбінде алып су жәндігінің сүйегі табылды

Ғалымдар атап өткендей, плезиозаврдың сүйегі 36 ірі омыртқадан тұрады, ұзындығы шамамен 3,5 метр, ал жалпы жәндік денесінің ұзындығы 12 метрге дейін жетеді. 

"Бұл жәндіктердің мойны өте ұзын – 5 метрге жуық, ал басы кіп-кішкентай. Николай Зверьков айтқандай, олар жылан мен тасбақаға ұқсайды. Балықпен қоректенген, яғни жыртқыш жәндіктер. Мезозой дәуірінің соңына қарай жойылып кеткен", — дейді маман. 

Жаңалықтар
0