Тәртіп сақшысының жүргізушіге қол көтерген сәті түсірілген бейнежазба бірнеше күн бұрын YouTube желісінде жарық көрді.
Видеода жүргізуші көлігін тоқтатқан полицейге наразылық білдіріп, ереже бұзбағанын айтады. Ал полиция қызметкеріне өзін видеоға түсірген ұнамай қалса керек.
"Әкет андағыны!" – деп ол смартфон иесіне дауыс көтерді. Жүргізуші түсіруін тоқтатпай, көлікті тоқтату себебін сұрап жатқан. Сол кезде құқық қорғау органы қызметкері ашуына ие бола алмай, жұдырығымен бір ұрады да, түсірілім тоқтап қалады.