Қоғам

Монако инженерлері: бензинмен жүретін қымбат көліктер сәннен шығып қалады

© Sputnik / Ксения ВоронинаКүн батареясымен жүретін велосипед
Күн батареясымен жүретін велосипед - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Монаколық студенттер ЭКСПО көрмесіне күн батареясымен жүретін, бамбуктан жасалған велосипед алып келді

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Монакодағы Монте-Карло техникалық лицейінің бір топ студенті Астанадағы ЭКСПО көрмесіне келіп, өздерінің жаңа өнертабысы – күн батареясымен жүретін бамбук велосипедін ұсынды. 

"Бұл жай ғана экспонат емес, болашаққа қол  жеткізгенімізді көрсететін шынайы өнертабыс. Бамбукты біздің дипломаттардың бірі жіберген, ал келушілер скотч деп ойлаған таспа – резеңкеленген бамбук талшығы, ол қатқан кезде ағаш сияқты берік болып, бөлшектерді біріктіруге мүмкіндік береді.  Әлбетте, біз басқа велосипедтердің дайын элементтерін пайдаландық. Сонымен бірге, Александр Винокуровқа бізге қолдау көрсетіп, сенгені үшін, кеңес беріп, велосипедті өзі сынап көргені үшін алғысымызды білдіреміз", — дейді жас өнертапқыштар. 

Велосипедтің жалпы салмағы 4,15 килограмм, оған 36-вольттық электрлі мотор орнатылған, күн панелінен қуат алады.

© Sputnik / Ксения ВоронинаКүн батареясымен жүретін велосипед
Күн батареясымен жүретін велосипед - Sputnik Қазақстан
1/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
© Sputnik / Ксения ВоронинаКүн батареясымен жүретін велосипед
Күн батареясымен жүретін велосипед - Sputnik Қазақстан
2/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
© Sputnik / Ксения ВоронинаКүн батареясымен жүретін велосипед
Күн батареясымен жүретін велосипед - Sputnik Қазақстан
3/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
© Sputnik / Ксения ВоронинаКүн батареясымен жүретін велосипед
Күн батареясымен жүретін велосипед - Sputnik Қазақстан
4/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
1/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
2/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
3/4
Күн батареясымен жүретін велосипед
4/4
Күн батареясымен жүретін велосипед

"Болашақ жасыл технологиямен жарқын болмақ, ол бүкіл саланы, тіпті luxury өнімдерді де қамтиды. Көп ұзамай мұнайдан шығарылған жанармаймен жүретін қымбат көліктер сәннен шығып қалады. Оның орнын басқа технологиялар басады, бұл тамаша үрдіс", — деп сенеді өнертапқыштар. 

Жаңалықтар
0