Өңірлер

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қашып кетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуӘскерде
Әскерде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтаудағы №6656 әскери бөлімшеден бір сарбаз қашып кеткен; тағы бірі қолын кесіп алып, ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ақтауда әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр, деп жазады "Ақтау-Лада" басылымы. 

Сарбазды іздеу сәрсенбі күні кештен бастап жүргізілуде. Қарағанды облысынан келген 21 жастағы жігіт өз бетімен рұқсатсыз кетіп қалған. 

Ол емханаға тексерілуге жібергенін пайдаланып қашып кетіпті. 

Сонымен бірге, сәрсенбі күні осы әскери бөлімшенің тағы бір сарбазына қатысты келеңсіз жайт болды. Жігіт қолын кесіп алып, ауруханаға жатқызылған. Ауруханада хабарлағандай, сарбаз құлаған айнаны ұстап қаламын деп қолын кесіп алыпты. Абырой болғанда, күре тамырға тимеген екен.

Жаңалықтар
0