АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Бір күн бұрын жоғалған 18 жасар қыз аман-есен Алматыда табылды, деп хабарлады туыстары.
"Ата-анасы: "Қызымызды таптық! Ол үйде бізге көмектескен баршаға көп рақмет! Қолдау білдіргендеріңізге алғыс білдіреміз" деп жазды", дейді Nailya Kanf Facebook желісінде.
Оқиғаның мән-жайын туыстары әзірге хабарлап жатқан жоқ.
Бұдан бұрын, Мариям Айсаеваның 11 шілдеде Алматы маңындағы Қырғауылды кентінде жоғалғаны хабарлаған. Туыстары қызды іздеуге көмек сұраған болатын.