Әлем

Жас суретші Құранға деген махаббатын суретке түсірді

© Photo : muftyat.kzЖас суретші Құранға деген махаббатын суретке түсірді
Жас суретші Құранға деген махаббатын суретке түсірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол өз еңбектерінде каллиграфия мен кескіндеме өнерін біріктіреді

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті 21 жастағы суретші Альбина Ашба исламның сұлулығын көрсету және адамдарды дінге шақыру үшін сурет салады. Ол өз еңбектерінде каллиграфия мен кескіндеме өнерін біріктіреді, деп жазады muftyat.kz.

"Мен ерте балалық шақтан кескіндеме өнеріне қатты қызығатынмын және балаларға арналған үйірмеге де қатысқанмын, ал бір жыл бұрын Құран тілі араб тілін үйреніп, үнемі маған Алла Тағаланы еске салатын нәрсе жасағым келді" — дейді мұсылман қыз.

Альбина әр суретпен бір апта бойы жұмыс істейді. Ол Ресейде каллиграфияға арналған қажетті құралдардың жоқтығын тілге тиек етті. Ал бұл жағдай оның мүмкіндіктерін шектейді.


Жаңалықтар
0