АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматының Алматы ауданында стратегиялық нысандарының бірінде қойма өртенді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға көзбер көрушілер
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, Мақатаев көшесі бойындағы ғимаратта қатты түтін байқалған.
ТЖ жөніндегі департаменттің ресми өкілі Сандағыш Баймұханбетованың сөзіне қарағанда, "101" пультіне қоңырау 14:42 келіп түскен, төрт минуттан кейін өрт сөндіру топтары оқиға орнына келіп жетті. Кейіннен күштер мен құралдар қосымша келе бастады.
Тыныс алуды қорғауға арналған тығыздалған ауадағы аппараттардың көмегімен құтқарушылар ғимараттарды тексеріп, тұтану ошақтарын анықтады. Үш қабатты ғимараттың екінші қабатындағы қоймада 60 шаршы метр аумақта тауарлық-материалдық құндылықтардың өртеніп жатқаны анықталды.
15:07-де өрт ауыздықталып, 13 минуттан кейін толық сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.