АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Иркутск аудандарының бірінің судьясы автокөлікте жеткіншекпен жаныстық қатынасқа түсіп жатқан кезде ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға 3 шілдеде орын алды. Росгвардия қызметкерлері қалалық жағажайдың маңында терезесі ашық тоқтап тұрған автокөлікті көріп, машинаны айдап әкетіп, қалдырып кеткен екен деп ойлап көліктің маңына барады.
"Қызметкерлер автокөлікке жақындап келгенде ішінен тыр жалаңаш ер кісі мен жеткіншекті көреді. Олар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген", — деп растады Иркутск облысы бойынша Росгвардия басқармасының баспасөз өкілі Светлана Карань.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөз РИА Новости-ге ұсталған ер адамның Иркутск қаласы Октябрь ауданының судьясы қызметін атқаратынын растады. Оның деректеріне сәйкес, ер адамды жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан сәтте ұстаған.
"Жеткіншек ер кісімен әлеуметтік желіде танысып, жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін мойындады. Ұсталған адам бұрын ІІМ институтында оқытушы болып істеп жүрген кезде курсантпен гомосексуалдық байланыста болғаны анықталды", — деп хабарлады дереккөзі.
Иркутск қаласының Октябрь аудандық сотында полицейлер ұстаған судьяның шілдеде қызметтен босап, сотта жұмыс істемейтінін атап өтті.