Оқиға

Алматыдағы қиылыс Қазақстандағы ең апатты деп танылды

© Sputnik / предоставлено очевидцамиАлматыда Lexus аударылып қалды
Алматыда Lexus аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратураның комитеті Қазақстандағы ең апатты өңірлер мен көшелерді атап, бірінші жарты жылда қанша адамның жол апатынан құрбан болғанын есептеді

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстанда Алматы қаласындағы Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы жол апаты ең көп орын алатын жер болып табылады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті. 

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус пен екі көлік соқтығысты

Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша еліміздің жолдарында 7127 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 9992 адам зардап шекті, 738-і қаза тапты.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖКО 10,7%-ға, зардап шеккендердің 10,3%-ға, қаза тапқандардың 20,5%-ға төмендеуі байқалады.

Ең көп ЖКО Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған.

Адам өлімі бойынша Алматы облысы алдыда тұр, онда 162 адам жол апатында қаза тапқан. Бірінші жартылдық бойынша ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында болды, онда 16 адам зардап шекті, оның 9-ы қаза тапты. 

"Апаттылық картасы" көрсеткендей, Қазақстанда Алматы қаласындағы Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы жол апаты ең көп орын алатын жер болып табылады, онда 9 ЖКО орын алып, 10 адам зардап шеккен. 

 

Жаңалықтар
0