АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Алматы полициясы жүксалғыш сөресіне баласын жатқызып қойған Volkswagen Golf жүргізушісіне қатысты шара қолданды.
Бұдан бұрын Instagram желісінде жарияланған видеода жүргізушілердің бірі алдында келе жатқан көліктің жүксалғыш сөресінде жатқан баланы түсіріп алған.
"Бұл сұмдық жайт. Ата-ананың қамсыздығынан баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Мұны елдің бәрі түсініп, қауіпсіздікті сақтамайтыны өкінішті. Бұл бірінші рет болып тұрған жайт емес", — дейді Алматы ішкі істер департаментінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Видео әлеуметтік желілерде тарағаннан соң, полицейлер жүргізушіні тауын, әкімшілік жауапқа тартты, оған 5 АЕК, яғни 11 мың 345 теңге айыппұл салынды.