Қоғам

СІМ 24 қазақстандықтың Түркияда демалуына мүмкіндік туғызды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуТуризм
Туризм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрік туристік компаниясы банкротқа ұшырап, турларының ақысы төленбай қалған қазақстандықтар қиын жайтқа тап болған

АСТАНА, 12 шілде  – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Анталияға келіп, бірақ  "Элит Класс" туроператорының банкротқа ұшырауы салдарынан қонақ үйге орналаса алмаған туристердің проблемасын шешіп берді. 

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Испан саяхатшысын еліне қайтару туралы оқиғаның анық-қанығы белгілі болды

Анталияға аттанған 24 туристің жазғы демалысының шырқы бұзыла жаздады. Дәлірек айтқанда, демалуға келген қазақстандықтардың төлеген ақшасы желге ұшқандай болған: отандық туроператорлармен серіктес түрік компаниясы банкротқа ұшыраған екен. Көмекке еліміздің дипломатиялық ведомствосының өкілдері келіп, демалыстың ақысын төлеуге қаражат тапты. 

"Анталияға келген 24 турист қазір қонақ үйге орналастырылды. Консулымыздың көмегімен қонақ үй мен тур ақысы төленген. Қазақстандық туроператорлармен серіктес, Анталиядағы консулдығымызбен тығыз қарым-қатынастағы түрік компанияларының бірі бар шығынды мойнына алды. Олар 30 мың доллардан артық қаражат төлеген. Туристер демалыстарын алаңсыз жалғастырып жатыр", — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

"Элит Класс" компаниясы банкротқа ұшырағанын жариялады, соған байланысты бұл компаниямен серіктес қазақстандық туроператорлардың қызметінде қиындық туындауы мүмкін", — дейді баспасөз қызметінің басшысы.

Жаңалықтар
0