Өңірлер

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райы құбылмалы болмақ: бірқатар өңірде күн аптап ыстық болып, республиканың қалған бөлігінде қатты жел соғады және бұршақ жауады

АСТАНА, 12 шілде  – Sputnik. Сәрсенбі 12 шілдеде Қазақстанның бүкіл аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін, кей жерлерде жел тұрып, түнде және таңертең қиыр солтүстікте тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. 

жаңбыр тамшылары - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" метеоқызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20, ұйытқуы 23 м/с, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін, түнде және таңертең тұман.

Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, таңертең және күндіз ұйытқуы 23-28 м/с, бұршақ жаууы ықтимал. 

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, бұршақ түсуі мүмкін. 

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20, бұршақ жаууы ықтимал. 

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Алматы облысында, Жамбыл және Қарағанды облыстарында кей жерлерде аптап ыстық сақталады. 

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жаңалықтар
0