Оқиға

Атырау облысындағы ажалды жол апатына кінәлі қатаң жазаланды

© Sputnik / Медиабанкке өтуатокөлік
атокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау-Индер тас жолында адам өлтіру оқиғасына кінәлі адамға үкім шығарды

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау-Индер тас жолында адам өлтіру оқиғасына кінәлі адамға үкім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.  

Сотта анықталғандай, үш жәбірленуші мен сотталушы Атырау-Индер тас жолының бұрылысында кездеседі, соңғысы оларға 160 000 теңге берешек болған.

Кездесу барысында олардың арасында дау туындап, жәбірленушілер автокөліктеріне отырып, кездесу орнынан кетуді шешеді. Сотталушы да өз көлігіне отырып, оларды қуып жетіп, жәбірленушілердің автокөліктерін қасақана бірнеше рет соғады. Соқтығыс нәтижесінде жәбірленушілердің автокөлігі аударылып, жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қаза болады, қалғандары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі (қатаң режимі) белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтар
0