АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыдағы Қарасу көпірінде үш автокөлік соқтығысты, жол апатының болжамды себепшісі апат кезінде жүрегі шаншығанын алға тартады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Жол апаты сейсенбі күні түстен кейін Солтүстік айналма жолда болды.
Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігі белгісіз себептермен қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп Nissan Terrano автокөлігімен соқтығысты. Соққыдан оны жолдың жиегінде шығарып жіберді. Сондай-ақ Nissan оның артынан келе жатқан Hyundai Accent-ке тиді. Жол апаты салдарынан Nissan Terrano қатты зақымданды.
Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі түсіндіргендей, көлік жүргізіп келе жатқан кезде оның жүрегі шаншып, апат болған сәті есінде жоқ екен.
Апаттан Nissan Terrano жүргізушісі зардап шекті – ол жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.