Саясат

Қазақстан РФ мен АҚШ арасындағы Сирия жөніндегі келісімдер бойынша мәлімдеме жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы арасында Сирияның оңтүстік-батысында қақтығысты бəсеңдету аймақтарына қатысты соңғы уағдаластықтарын құптайды

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстан Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы арасында Сирияның оңтүстік-батысында қақтығысты бəсеңдету аймақтарына қатысты соңғы уағдаластықтарын құптайды, делінген ҚР сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. 

Құжатта 2017 жылғы 9 шілдеден бастап Сирияның Əл-Қунейтра, Деръа жəне Ас-Суйеда провинцияларында бітімнің орнатылуы бүкіл Сирия жерінде соғыс амалдарын толығымен тоқтату жолындағы тағы бір нақты қадам болып табылады, деп көрсетілген. 

"Сириялық қақтығысты мүмкіндігінше тез арада реттеуге мүдделі барлық тараптарды, оның ішінде САР үкіметі мен оппозициясын соғыс амалдарын тоқтату режимін сақтауға шақырамыз. Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта орнату үшін Ресей мен АҚШ жəне басқа да мүдделі тараптар арасында сындарлы өзара іс-қимылдың дамиды деген сенімдіміз", — деп атап өтті СІМ.

БҰҰ аясында Сирия жөніндегі Женевалық бейбіт келіссөздерге толық қолдауымызды білдіреміз және сириялық дағдарысты реттеудің саяси процесі шеңберінде нақты шешімдерге қол жеткізіледі деп сенеміз. 

Қазақстан Республикасы Сирияда ұрыс амалдарын тоқтату режимін нығайту бойынша Астана процесінің шеңберіндегі бейбіт келіссөздердің жалғасуы үшін жағдайларды одан әрі қамтамасыз етуге дайын.   


Жаңалықтар
0