Мәдениет

Қытайлық компания Димаштың атын бренд ретінде пайдаланбақ

© Photo : аккаунт Димаша Кудайбергенова в InstagramДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің досы бөлісті

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Қытайда Димаштың құрметіне ұшақ шығармақ. Бұл туралы әншінің Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрімов мәлім етті. 

"Димаштың атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі бейнеленетін болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!!", — деп жазған Шәрімов инстаграмдағы жеке парақшасында. 

Ол Димаштың барлық жанкүйерлерін осы қуанышты оқиғамен құттықтаған. 

"Ұшақ ойынға арналған, бірақ шын мәнінде ұшатын болады. Қытайдың ішінде ұшатын болатын. Егер Димаштың уақыты болса, әрине, ол ұшақты көріп, ұшып көруі де мүмкін", — деді Алпамыс Шәрімов  Sputnik Қазақстан тілшісіне. 
© Photo : Алпамыс Шәрімов ұсынғанДимаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген ұшақ
Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген ұшақ - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген ұшақ

Әншінің досының айтуынша, онлайн-ойынға жазылған саундтрек қазірдің өзінде музыкалық чарттарда танымал болып жатыр. 

"Қытайдағы ең танымал әлеуметтік желіде басты парақшаға Димаштың суреті қойылған", — деп қосты Шәрімов. 

© Photo : Алпамыс Шәрімов ұсынғанДимаштың суреті қытай әлеуметтік желісінің басты бетінде
Димаштың суреті қытай әлеуметтік желісінің басты бетінде - Sputnik Қазақстан
Димаштың суреті қытай әлеуметтік желісінің басты бетінде

Жаңалықтар
0