АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Испаниядан келген саяхатшы елордалық еріктілердің көмегімен отанына оралды, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Қазақстанға сапарлап келген испандық турист қиын жағдайға тап болды. Ол Ақтау қаласында құжаттарын жоғалтып алған, дегенмен Астана қаласына жеткен. Қиындыққа тап болған шетелдік азаматқа елордада көмек көрсетіліп, жеке басын анықтағанша заңға сәйкес Астана қаласы ІІД қабылдау пунктіне орналастырылды.
Еріктілер испандық саяхатшыға "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" КММ-не орналасуға көмектескен. Ол бұл орталықта шамамен 1 апта болған.
Шетелдік азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ыстық тамақ пен жатын орын беріліпті.
Қазіргі уақытта турист еліне қайтып оралды.