"Елімізде отбасын жоспарлау мәселесі бойынша 478 кабинет қызмет етеді, сол жерде отбасын жоспарлау бойынша барлық сұрақтарға жауап алуға, әйелдерге контрацептив қабылдау керегін анықтауға, сондай-ақ контрацепцияның тиісті түрін таңдауға көмектеседі. Еліміздің әр тұрғынында жалпы тәжірибелі учаскелік дәрігер бар. Учаскелік дәрігер бұл кеңесті қай кабинеттен алуға болатынын түсіндіреді", — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
Отбасын жоспарлау бойынша сапалы қызмет көрсетілген жағдайда, жасөспірімнің жүктілігі, түсік, жыныс жоларымен берілетін инфекциялардың алдын алуға болады. Бұл кабинеттердің басты мақсаты – әйелдің репродуктивті денсаулығын қадағалау, дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы мерзімді таңдау және жасанды түсік пен ана өлімінің санын азайту.
"Былтыр жасанды түсік тастағандардың саны 79 мыңға жетті. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің босану көрсеткіші былтырғы жылы – 4226, 15-17 жас аралығындағы түсік жасату – 1418, 15 жастан кіші қыздар арасында – 16 рет. Түсік жасату отбасын жоспарлау әдісі болмауы тиіс. Ақылға сыйымды контрацепция болуы керек", — деп мәлімет берді Ләззат Ақтаева.