Спорт

Қазақстанда "Жібек жолы" жарысы кезінде голланд жүк көлігі өртеніп кетті

© AFP 2024 / Franck FifeЖүк көлік
Жүк көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктің өртенуі голланд командасы үшін жеңіс жолындағы үлкен кедергі болды

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Голланд пилоты Мартин ван ден Бринктің жүк көлігі жолда өртеніп кетті, деп хабарлайды "Жібек жолы" раллиінің сайты.

Еске сала кетейік, қатысушылар Қазақстанға кеше келген болатын, алғашқы бекеттері Қостанай қаласы еді. 

Жібек жолы раллиі - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Жібек жолы" раллиінің шабандоздары тағы да Қазақстан арқылы өтеді

"Мартин ван ден Бринктің жүк көлігі өртенді! Өрт сөндірілді, экипаж зардап шеккен жоқ, бірақ голланд командасының жеңіске жетуге деген үміті барған сайын азайып барады…", — делінген хабарламада. 

Әлемдегі ең ұзын раллидің жалпы қашықтығы 9068 км, ол 7 шілдеде Мәскеуден басталып, 22 шілдеде Сиан қаласында (Қытай) мәресіне жетеді. 

Қазақстанның учаскесін ралли қатысушылары 10-13 шілдеде жүріп өтпек. Раллиге әлемнің 40 елінің спортшысы қатысады. 

Жаңалықтар
0