АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қостанай облысында Арқалық-Амангелді автожолын жөндеу барысында ер адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полиция берген мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға 6 шілдеде болған. ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алау" телеарнасының сайты хабарлағандай, 46 жастағы жұмысшы жол тегістейтін катоктың астында қалып қойып, жазым болған.