АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматы төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК филиалының дауылды ескертуі негізінде алматылықтарға үндеу жасады.
"Таяудағы екі тәулікте 11-12 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қауіпі бар", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.
Бұл ретте Алматы ТЖ департаменті "Қазселден қорғау" ММ-мен бірлесіп сегіз морена көлін босату бойынша алдын алу шараларын жүргізуде.