Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр, найзағай болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Оңтүстік-шығыста, республиканың  орталық және шығысының кей жерлерінде ыстық ауа райы күтіледі.

Солтүстік  Қазақстан,   Ақмола,  Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, Солтүстік  Қазақстан  облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының кей желерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Қостанай,  Павлодар,  Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші  15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарыныңда кей жерлерде қатты ыстық сақталады. Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл  Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Жаңалықтар
0