АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Шымкентте автокөлік қатты жылдамдықпен патруль көлігіне соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, 2017 жылдың 10 маусымында 07 сағат 05 минут шамасында Шымкент қаласында Қазыбек би мен Торекулова көшелерінің қиылысында маркасы "Ниссан" автокөлігі ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясына тиесілі "Киа" арнайы автокөлігімен соқтығысқан.
Тексеру барысында анықталғаны: "Ниссан" автокөлігін басқарып келе жатқан Шымкент қаласының 1983 ж.т тұрғыны Төреқұлов көшесімен Қазыбек би көшесінің қиылысында (жұмыс істемей тұрған бағдаршам) ДҰҚ мен жарықшағы қосылған арнайы "Киа" автокөлігіне жол бермей соқтығысқан. Нәтижесінде екі көлікке де материалдық шығын келген.
Аталған жайт бойынша 34 жастағы "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБТК "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы" 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы