АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Өрт сөндірушілер Астананың адам көп жүретін көшелерінің бірінде газ жарылысының алдын алды, деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті.
ТЖД ақпаратына сәйкес, Ақжол көшесі, 41 мекен жайы бойынша ішінде газы бар автоцистернаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама "101" пультіне 14:52-де келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері келген кезде қозғалтқыш бөлігі, кабина мен 7 тонна пропаны бар цистернаның астындағы агрегат тораптары өртеніп жатқан.
"Өрттің цистернаға өту қауіпі болды, ол өз кезегінде жарылысқа әкеліп соқтыруы мүмкін еді. Өрт сөндірушілердің мақсаттарының бірі цистернаның жарылуына жол бермеу болатын. Команда мүшелерінің әрекеттерінен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру мен өртті сөндіру бойынша операцияның қаншалықты сәтті өтетіні байланысты болды. Дұрыс стратегия ойластырып, жағдайды тез бағалай отырып, арнайы жабдықты пайдаланумен өрт сөндірушілер өртті жойды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өрт 15:06-да сөндірілді.