Қоғам

ЭКСПО көрмесіне келушілер саны бойынша 3 облыс көш бастап тұр

Жазылу
Көрмеге келушілер саны 1 миллионға жуықтап қалған

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілер саны бір миллионға жуықтап қалды, деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов. 

"10 маусымнан 10 шілдеге дейін көрмеге 921 мың 293 адам келді. Миллионыншы адам ертең сағат 17:00- 19:00 аралығында келеді деп күтіп отырмыз. Көрмеге кірудің жалпы саны 5 миллион 960 мың 212-ге жетті", — деп мәлім етті Қарымсақов көрменің бір айлық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында. 

Көрмеге еліміздің өңірлерінен 407 700 адам келген. Көш басында Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстары тұр. 

Шілде айына арналған шаралар күнтізбесі - Sputnik Қазақстан
Инфографика
ЭКСПО-ның ең қызық мәдени шаралары

ЭКСПО көрмесін 130 мың шетелдік азамат тамашалаған. Олардың ішінде бірінші орында ресейліктер — 35,5 мың, екінші орында Германия азаматтары – 19 мың, ал үшінші орында Қытайдан келген туристер — 11,5 мың адам. 

Әлі күнге дейін "Нұр Алем" адамдар көп қызығушылық танытқан павильон болып отыр, оны 303 007 адам тамашалаған. Сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Африка павильондары туристер арасында аса танымал екен. 


Жаңалықтар
0