Қоғам

Сот Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты

© AP Photo / J Pat CarterКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы экономика министрі қаражат қымқырды деген күдікпен ұсталған

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды", — деді агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы. 

Айта кетелік, Бишімбаев бірнеше мәрте пара алып, Қызылордада шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен 12 қаңдардан бері қамауға алынған. 


Жаңалықтар
0