АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны Ришат Шайхитдинов жолшыбай көлікке мініп, дүние жүзін аралап шықпақ.
Ешқандай қаражатсыз Жер шарын аралау туралы идеясымен Ришат әлеуметтік желіде бөліскен.
Бұған дейін Қырғызстанға 19 жасында саяхаттап барыпты, кейін Орал қаласына да барып келген.
Дүние жүзін аралап саяхатқа шығуды Ришат үш жыл бұрын ойға алған. Жуырда сапарға аттануға бел буыпты. Оның үстіне, саяхатқа бірге шығатын серігін де тапқан екен.
"Жасы 23-те. Ресейде, Челябинскіде тұрады. Екеуміз 30 маусымнан бастап сөйлесе бастадық. Төлқұжаты бір айдан соң дайын болады", — дейді Ришат.
Саяхатшылар халықаралық couchsurfing.com сервисін пайдаланбақ, онда Ришат сияқтыларды үйіне қонақ етуге ниетті жандар жиналған.