АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қытайда төрт студент Айдағы өмірді толығымен қайталайтын тәжірибеге қатысады, деп жазады РИА Новости CGTN телеарнасына сілтеме жасап.
Тәжірибе Бэйхан Қытай мемлекеттік техникалық университетінің "Юэгун" арнайы зертханасында өткізіледі. Еріктілер аумағы 160 шаршы метр кабинада 200 күн өмір сүруі тиіс.
Тәжірибеге қатысушылар 42 шаршы метр үйде тұрады, ал кабинаның қалған аумағында өсімдік өсіретін "бақша" болмақ. Аумақта мал қора мен қалдықтарды қайта өңдеуден өткізетін жер бар.
Тәжірибенің бірінші кезеңі біткен соң, бірден екінші кезеңі басталады, ол 105 күнге созылмақ.