Экономика

Қазақстанның энергетика министрі ОПЕК алдындағы міндеттемелердің орындалғанын айтты

© AP Photo мұнай
мұнай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейінді министрлік басшысының атап өтуінше, Қазақстан жалпы мұнай шығару көлемін қысқарту бойынша міндеттемелерін орындап жатыр, бұл ретте осы көрсеткішті одан әрі қысқарту республикаға ауыр соғатынын айтты

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ мәмілесі аясындағы мұнай шығару көлемін қысқарту бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.

"Шамамен, иә (орындап жатырмыз – ред.). Шығару бойынша, ХЭА – экспорттық жеткізу бойынша біз бір пікірде емеспіз деген ойдамыз. Біздің методологиямыз, баррелизация коэффицентіміз өзгеше… Мамырда біз шамалы жоғары болдық, бірақ жалпы біз сол деңгейдеміз", — деді министр журналистерге 22-ші Халықаралық мұнай конгресінің аясында. 

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан өзі үші квота арттыру туралы мәселені қоюды көздеп отырған жоқ. 


Жаңалықтар
0