АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қостанай облысында шопан мен бір жарым мың қойдың опат болуына найзағай себеп болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 7 шілдеде Жангелді ауданында болған. Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, даладағы алапат өрт найзағайдың түсуінен тұтанған. Салдарынан бір адам мен 1,5 мың мал өртеніп кетті.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта олар қырылған малдың өлексесін жойып жатыр.