АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Алматыда Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысып қалудан қашқан Lexus көшелердің бірінде аударылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Апат Тілендиев және Ямцов көшелері арасында Райымбек даңғылы бойында орын алды.
Lexus жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол Райымбек даңғылы бойынан қозғалып келе жатқан кезде белгісіз себептермен оған Mitsubishi Galant тап болған. Соқтығысудан қашқан Lexus жүргізушісі шетке шығып кетіп, аударылып қалды. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі зардап шекті. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Mitsubishi Galant оқиға орнынан қашып кетті, оны іздеумен полиция айналысатын болады.