Өңірлер

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірнеше өңірінде синоптиктер найзағайлы жаңбыр жауады деп болжайды

АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, солтүстік және шығыста  бұршақ болуы мүмкін, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖК сайтында. 

Республиканың оңтүстік,  оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық  ауа райы сақталады.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, күндіз, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Атырау, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.

Батыс-Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0