АСТАНА, 7 шілде — Sputnik. Шаньси қытай провинциясында панда пішіндес етіп салынған күн станциясы электр қуатын өндіреді, деп жазады PV-Tech порталы.
Күн фермасын жасап шығарған Panda Green Energy компаниясы мен ПРООН панда пішіндес күн электр станциясын салу туралы 2016 жылы сөз қозғаған. Құрылыс былтыр қараша айында басталған. Қазір бірінші фаза іске қосылыпты, электр станциясының қуаты 50 мегаватт.
Жоспар бойынша, күн электр станциясы 25 жыл бойы жұмыс істеп, 1056 миллион тонна көмір жаққандағыдай энергия өндіріп шығарады. Бұл атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшерін әжептәуір төмендетпек.