АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Астана есімді керіктің туған күніне орай Шымкент зообағында мереке өткізілді, деп жазады otyrar.kz порталы.
Зообақ қызметкерлері керіктің жеті жасын атап өтті, оны тәтті-дәмдімен сыйлады. Басты сыйлық дәстүрге айналған, қарбыз, қырыққабат және сәбізден жасалған торт болды. Бірақ, өкінішке орай, бұл сый керіктің көңілінен шықпапты.
Кішкентай келушілер керікті құттықтап, "Астана, құтты болсын!" деп шуласты.
Астана есімді керік Шымкент зообағында алты жыл бұрын пайда болған. Қазір бойы бес метр жануарға жұп іздеп жатыр екен.