Юный композитор посвятил кюй Нурсултану Назарбаеву
"Дискіні Елбасыға жолдай аламын ба, білмеймін. Бәлкім, теледидардан көретін шығар. Бірақ, әрине, президенттің алдында ресми түрде өнер көрсетіп, күйлерімді естігенін армандаймын. Меніңше, бұл әр адамның арманы. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 25 жыл бойы еліміздің игілігі үшін еңбек етті. Бала күнімнен теледидардан көріп, шабыттанатынмын. Осы күйді шығаруды армандайтынмын", — деді Ғаламат орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ғаламат Бейсеқожа – Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың тоғызыншы сыныбында оқиды. 11 жасында "Жеңіс", "Наурыз", "Абай толғауы" атты күйлерді шығарған. Қазір жас композитордың қорында 20 күй бар.