Өңірлер

Қазгидромет Қызылордада күн 75 градусқа дейін ысиды деген ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуСолнце
Солнце - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері оңтүстікте аптап ыстық сақталады

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Қазгидромет Қызылордада күн 75 градусқа дейін ысиды деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Қызылорда облысында алдағы күндері ауа температурасы 75 градусқа дейін көтеріледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", — деді Қазгидромет жетекші инженер-синоптигі Жұлдыз Исабекова. 

Оның айтуынша, Қызылорда облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 40-45 градус шамасында болады. 

Жалпы, еліміздің оңтүстігінде алдағы мереке және демалыс күндері 40 градустан жоғары температура сақталады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 5-10 шілде аралығында ауа температурасы 60-75 градусқа дейін көтеріледі деген ақпарат тарады. Облыс тұрғындарына бүгін осындай хабарлама келген. 


Жаңалықтар
0